Бишімбаевтың ісіне қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр. Бұл процесті бір мезетте кемі 300 мыңнан астам тікелей эфирде тамашалап отыр. Қала берді, қоғамның, әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсуде.
Бүгінгі сот процесінде Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотта сот сарапшысы Тахир Халимназаровтан жауап алды. Ол сарапшыдан қандай әдістерді қолданғанын және неге мұндай қорытындыға келгенін сұрады. Алайда, сарапшы қорғаушының сұрағын түсінбей, қайталап қоюды сұрады. Сол мезетте, залдан күлкінің даусы естілген. Сұрақтың мәнсіз болғаны үшін алқа билер күлген болатын.
Ал Назкен Құсайынова ашуланып: “Зардап шеккен тарапқа ескерту жасауыңызды сұраймын, бұл қандай күлкі?”, – деді.
Сот Айжан Құлбаева: Негізінде алқабилердің күлгенін айтты.