277
Бұл жаза атышулы Бишімбаевтың ісіне қатысты. Яғни, сот процесінде кейбір Бақ өкілдері алқабилердің сүреті мен видеосын әлеуметтік желіге жүктер жіберген.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, БАҚ туралы заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының иесі, таратушысы, бас редакторы және таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімін бастады.
Судья алқабилерді фото мен видеоға түсіруге, олардың суреттерін таратуға тыйым салды. Сондай-ақ, Бақ өкілдерін сот залынан шығарды.
Айта кетейік, тыйым қазылар алқасына қысым көрсетілмес үшін белгіленген болатын.