8,1 мың бас мал суға кетті

230

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, су тасқыны болған аймақтарда 88 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге шығарылған. Сондай-ақ соңғы дерекке сүйенсек, 8,1 мың бас мал суға кеткен. Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы басы – 514.

Бұдан бөлек, министрлікте мал басына тиісті өтемақы жүйеге сәйкес беріледі. Мәселен, еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің орташа бағасы тоннасына ірі қара мал үшін 962 753 теңге, жылқы – 1 092 296 теңге, түйе – 1 061 900 теңге, қой-ешкі – 947 454 теңге, үй құстары – 869 016 теңге

«Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды. Су тасқыны салдарынан қырылған малдардың иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Ал меншік иелеріне өтемақы Ұлттық статистика бюросы жариялаған талапқа сай беріледі», – деді министрлікте.

Айта кетейік, бүгінге дейін 4,1 мың бас малдың өлексесі жойылған.

 

Алдыңғы пост
Сатыбалдыұлы бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарылмақ
Келесі пост
20 млн теңгеден астам қарыз бар жүргізуші қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu