1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде оқушылар да тегін жүреді

473

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады.

Компания өкілдерінің мәліметі бойынша,  мектеп оқушылары картаны міндетті түрде валидаторға тіркеу қажет. Айта кету керек, ол кезде картадан ақша шешілмейді.

Бұдан бөлек, Ашық НҚА порталында Шымкент тұрғындарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікпен тегін не жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін қала әкімінің қаулысы мен қала мәслихатының шешімі жарияланған.

-ҰОС ардагерлері;
– басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
– ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар;
– “Қазақстанның Еңбек Ері” атағына ие болғандар;
– ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
– ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
– І топтағы  мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдар;
– көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
– көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеушілер;
– 70 жастан асқан зейнеткерлер;
– жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
– “Шымкент қаласының құрметті азаматы” атағы бар адамдар.

 

Алдыңғы пост
Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынына қауіп төніп тұр
Келесі пост
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu