283
Улану фактісі Екібастұзда тіркелген. Әлеуметтік желіде мейрамханалардың бірінен тамақтанған қонақтардың ауруханаға түскені туралы ақпарат пайда болды.
Бейресми дерек бойынша, 13 сәуірде 200 адамға қыз ұзату тойы өткен. Сол тойға келген қонақтардың барлығы тамақтан уланған болып шықты. Яғни, келушілердің бәрінде бірдей ауырсыну белгі болған. Қызуы көтеріліп, қалтырап, іші өтіп, құсқан.
Ақ халаттылардың айтуынша, жедел жәрдемде тексеріліп, асқазандары жуылғаннан кейін зардап шеккендер жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Қазіргі таңда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.