Шымкенттік мектеп директоры 6,8 млн теңге бюджет қаражатын қалтасына басқан ба?

268

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру  жүргізіп, 6 843 837 тенге бюджет қаражатының талан-тараж болғанын анықтады.  Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.  Бұл аздай, мектеп басшысы жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төлеп отырған. Яғни, өлі жандарды қаржымен қаматамасыз етіп келген.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Алдыңғы пост
32 адам мейрамхана асынан уланған
Келесі пост
18 нокауты бар чемпион Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu