244
“Әл-Наср” командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұрын ойнаған “Ювентус” командасын сотқа берді. Өйткені, футболшы мен клуб арасында құпия келісімшарт болған. Короновирус пандемиясы кезінде туриндік клуб ойыншымен жалақысын кейінірек төлеуге келіскен. Нәтижесінде команда Роналдуға 19,9 миллион еуро қарыз екен.
Италия сотының шешімімен Криштиану Роналду жеңіске жетті. Алайда, құпия келісімшарттың нәтижесінде жалақысының жартысын ғана алуға мүмкіндігі бар екен. Яғни, аталмыш клуб португалдық ойыншыға 9,77 миллион еуро төлеуге міндеттелді.