272
Алматы облысында жалған полицей қолға түсті. Ол, тәртіп сақшысының киімін киген. Алдымен, ер адамның күдікті әрекеттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Ізін суытпай тексерген құқық қорғау қызметкерлері Талғар ауданының 31 жастағы жергілікті тұрғынын ұстады. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады деп хабарлайды polisiakz.
Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
Айта кетейік, бұл азамат заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.