Жаға ұстатарлық жағдай, Түркістан облысында орын алған. Қыздың анасы Қазығұрт аудандық полициясына шағымданған. Ол өз арызында 50 жастағы күйеуін өз қызын зорлады деп күдіктенетінін көрсеткен. Бұл туралы Stankz. ақпарат агенттігі хабарлады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.
“Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр”, – деді тергеу басқармасының басшысы Жандос Құлмахан.
Әйелдің айтуынша, күйеуі қызын 2023 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін зорлаған. Қыз жүкті болып қалып, мерзімі 27 апта баланы көтеріп жүр.