Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтып, көмек сұраған. Ол, видеоүндеу жасап, талай жылдан бері таяқтық астында жүргенін жеткізген. Бұл туралы #Немолчикz хабарлады.
Нақтырақ айтар болсақ, БАӘ-гі елшінің кеңесшісі Сәкен Тәшкенбайұлының әйелі Карина Мамаш мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Оның айтуынша, өзі түгіл, қонаққа келген апкесіне де қол көтерген.
“Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауап беруі тиіс”, – деді әйел.
Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров, елші кеңесшісін Қазақстанға шұғыл қайтарып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын жеткізді.