351
Астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болған. Бақ беттеріндегі мәліметке сәйкес, елордадан 5 мамырда курорт аймағына 18 оқушы келген. Олардың екеуі велосипед жалдап, серуендеуге шыққан. Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Қазіргі таңда, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Алдын ала мәлімет бойынша, велосипедті жалға алған кәмелетке толмаған бала ағашқа соғылғаны анықталды. Ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр”, – деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.