345
Белгісіз біреу сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
“Оқиға 7 мамырда сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп жазылған ақпаратта.