322
Зиянкестер жайылым жерді түк қалдырмай отап тастаған. Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, қоңыздан қалған шөпті жеген төрт-түлік те улануда екен. Алайда әкімшілік “мал шығыны жоқ” деп отыр деп хабарлады Ктк телеарнасы.
Дегенмен олар туристер көп келетін Алакөлдің жағасын да қоңыз басқанын айтты. Қазір мамандар даланы дезинфекциялауға кірісіпті. Яғни, Үржар ауданына қарасты дезинфекциялау мекемесі апта соңына дейін 35 гектар жерді залалсыздандырғанын жеткізді. Нәтижесінде, 25 минуттан кейін қоңыздардың барлығы қырылып қалған.