Су тасқыны: 61 мың адам өз үйіне оралды

323

Еліміз бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 365 адам, оның ішінде 2 318 бала эвакуациялау пункттерінде.

11 270 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.

Қазіргі таңда, ТЖМ құтқарушылары СҚО-ында су басқан аймақтардан су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Су тасқыны басталғаннан бері СҚО-ның су басқан елді мекендерінен құтқарушылар 4 млн. 306 мың текше метр суды сорды. Петропавл қаласының Подгора шағын ауданы, Заречный және Кожевенный кенттерінде 2129 тұрғын үй судан босатылды.

СҚО ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев және облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов су басқан аймақтарда болып, мониторинг жүргізді.

Алдыңғы пост
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Келесі пост
Су тасқынынан зардап шеккендер бас көтерді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu