278
Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жастағы қыздың денесі көршінің әжетханасынан табылды.
Естеріңізде болса, Сіргелі ауылында бүлдіршін жоғалып, ауылдықтарды аяғынан тік тұрғызған болатын. Жасөспірім, таңғы асты ішіп болған соң, аяқ асты із-түссіз жоқ болған.
Ауылдағы барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып тексерілген.
Алайда үш күннен соң бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды.
“Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады.Жатқан жерің пейіш болсын, періште. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық”,- деді Гүлмира Әбіқай өз парақшасында.
Сондықтан, ата-аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар!