331
94 жастағы қария әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген.
Жағымсыз жағдай, Петропавлдағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, зейнеткер жұбайымен сөзге келіспей, үйін жарамын деп қорқытқан. Мұны естіген қария көршісінен көмек сұрайды. Сол мезетте, 94 жастағы қарт сіріңкені тұтатып үлгерген. Оқиға орнына төтеншеліктер, полиция департаменті және дәрігерлер шақыртылған.
Жанудың нәтижесінде 95-жастағы ер адам зардап шегіп ауруханаға жеткізілген. Оның денесінің 35-40 пайызын күйік шалған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша ер адамның жағдайы ауыр. Арқасы мен қолы күйген, бірақ есін жиды.
ТЖМ күшімен жанып жатқан ғимараттан 4 газ баллоны шығарылды. Өрт 80 шаршы метр аумақта жойылды.