307
Әлеуметтік желіде Павлодардағы төбелестің видеосы пайда болды. Жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қабанбай батыр атындағы “Жас сарбаз” облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында оқушының жарақаттанғаны туралы қоңырау түскен. Осыған байланысты тергеу жүргізген құқық қорғау қызметкерлері үш оқушының жарақат алғанын анықтады. Үшеуі де кәмелет жасына толмаған.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.