235
Адвокат шағым түсірер алдында қорғаушы Қылмыстық кодекстің 432-бабы (“Қылмысты жасыру”) бойынша бұрын соттар қараған істерді зерттегенін айтты. Оның сөзінше, сотталушылар үш жылдан аспайтын мерзімге сотталған.
“Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылып, ең қатаң жаза алды. Біз жазаның мөлшерімен ғана келіспейміз, “Байжанов кінәлі” деген үкіммен мүлдем келіспейміз. Біз апелляциялық шағымда нақты фактілерді келтіреміз, Байжановтың іс – әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп есептейміз”, – деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.
Айта кетейік, 13 мамырда Гастро орталықтың директоры Бақытжан Байжанов “Қылмысты жасыру” бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.