303
Утиль алымын алып тастау туралы петиция 5 шілдеге дейін комиссия қарауында болады.
Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев петицияны қарау үшін арнайы комиссия құрылатынын жеткізді. Олар аймақтарға барып, кеңес жүргізіп, қоғамдық тыңдалым өткізбек. Барлық процесс 40 күнге созылуы мүмкін.
Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 50 мыңнан аса қол жинаған петициялардың барлығы осы ретпен қаралады. Сондықтан алдын ала ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін утиль алымын алып тастау туралы петиция 50 мыңнан аса қол жинаған болатын. Заңға сәйкес мұндай петициялар үкімет деңгейінде қаралуы керек.