6 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды

227

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.  Яғни, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударып келген. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құраған. бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді. Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
“Моя прекрасная няня” сериалымен таныс болған Анастасия Заворотнюк қайтыс болды
Келесі пост
Аса ірі көлемде есірткімен 41 жастағы тұрғын қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu