291
2023 жылы қараша айында үш полицей, уақытша қамау изоляторында күзетте болған. Құқық қорғау қызметкерлерін ұйқы қысса керек, көздері ілініп кеткен. Сол мезетті өз кәделеріне жаратқан күділер, есікті ашып қашып үлгерген. Десе де, азаматта көп ұзай алмады. Олар ертесіне таңғы уақытта қолға түсті.
Фото: ашық дереккөзден алынды
Алайда, күзетте ұйықтап қалып, жауапкершілік таныта алмаған полицейлер, заң аясында жазаланды. Яғни, сотта екі полиция қызметкері ғана кінәсін толық мойындап өкінді. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріліп, үшеуі де 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.