212
Ақтөбе облысы, Алға ауданында жасөспірімдер арасында төбелес орын алып, үш оқушы ауруханаға жеткізілген. Осы факт бойынша, тергеу амалдары жүргізілген.
“Күдікті ұсталып, қамауға алынды. «Бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Үш бала медициналық мекемеге жеткізілді,” – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір бала пышақ жарақатын алған. Абырой болғанда жарақат терең емес. Науқастың басына, ішкі құрылысына тексеру жасалды. Жарақаты тігілді. Ота жасауды қажет етпейді. Жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.