Қазақстандық кәсіпкер, Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланды

172

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, Владимир Жұманбаевқа іздеу салады. Оған, ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген айып тағылуда.

Фото: ҰҚМК

ҰҚМК мәліметінше, тергеу амалдары аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарында Қазақстанның ірі бизнесмендерінің бірі Владимир Жұманбаевтың «Ағайындар ортасы» халықаралық қылмыстық тобының құрамына кірген «Заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландыру фактілері анықталған. Яғни, Қырғыз Республикасының аумағында бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін қолдау және қамқорлық алу мақсатында Қ.Асанбекпен байланыс орнатқан делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Бішкек қаласының Октябрь аудандық сотының қаулысымен В.Жұманбаевқа қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алдыңғы пост
Ақтөбеде 15 жастағы оқушы пышақ жарақатын алған
Келесі пост
Елімізде букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu