Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды

245

Қазақстанда алғаш рет ұлттық музейде Леонардо да Винчидің құпияға толы бірегей жауһарларының бірі «Әдемі ханшайым» (La Bella Principessa) картинасы көпшілік назарына ұсынылды.

«La Bella Principessa» – бұл XV ғасырдың соңында Леонардо да Винчидің қолынан шыққан итальялық ақсүйектер әулетінен шыққан жас қыздың портреті. Картина кезінде жоғалып кетіп, қайтадан табылған. Бұл – құпияға толы бірегей туындылардың бірі.

Көрмеге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітованың айтуынша, аталған іс-шара Қазақстан мен Италияның мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді.

«Леонардо да Винчи – адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі. Оның кескіндеме, ғылым, инженерия және анатомия сияқты көптеген саладағы жетістіктерін атап өтуге болады. Оның таланты мен әлемді өзгеше көру қабілеті бейнелеу өнерінің бірқатар керемет туындыларын жасауға, адам танымының әртүрлі салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғылыми жаңалықтар жасауға мүмкіндік берді. Қазақстандықтар үшін аты аңызға айналған суретшінің жұмысын өз көзімен көруге ерекше мүмкіндік туып отыр», –деді Күміс Сейітова.

Айта кетейік, бұрын аталмыш картина бүкіл әлем бойынша небәрі бес рет көрсетілген. Әр көрме сайын сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырған деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Айта кетейік, көрме 7 маусым мен 4 тамыз аралығында ҚР Ұлттық музейінің мультимедиялық залында өтеді.

Алдыңғы пост
Кеншілердің өліміне қатысты іске нүкте қойылды
Келесі пост
ХҚКО мамандары жемқорлыққа белшеден батқан ба?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu