281
Қарағанды облысындағы колониядан тұтқын қашып кетті. Осыған байланысты қызметтік тергеу басталды. Сондай-ақ, күдіктіге бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Айта кету керек, жұмысына салғырттық танытып, төтенше жағдай туғызған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады. Ал кейбіреулеріне жауапкершілікпен қарамағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Естеріңізге сала кетейік, қашқынның аты-жөні – Ошанаев Жандос. 1992 жылы туған. Ол, қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтықпен сотты болған. Қарағанды қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатыр еді. Ал, туыстары Теміртауда тұрады.