ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды. Олар, ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихат жүргізген. Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.
Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.
Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.