169
Қазақстандықтар қызының хабарсыз кеткені туралы 5 маусым күні хабар берген. Ал өздері 3-нен бастап хабар ала алмаған.
Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
“2024 жылдың 5 маусымында Қазақстан азаматтары 3 маусым күні қызының жоғалып кетуіне байланысты Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан бас консулдығына хабарласқан. Біздің дипломаттар дереу жергілікті полицияға хабарласты, қазір іздестіру шаралары басталды”, –деді министрліктің өкілі Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, екі жақты бірлесе отырып, жоғалған азаматтың Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесі қарастырылуда екен.