284
Бұхарбаевтың үстінен арыз түсіріп, сотқа сүйреген Азамат Айымбетовтың ісі сотта қаралуда.
Ол, жүргізуші мен құрбысынан әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп ақша алған. Іс материалдарында бұрынғы командирдің өз қызметін 700 мың теңгеге бағалағаны көрсетілген. Сотталушы пара алу бойынша өз кінәсін мойындайды. Айымбетов өз сөзінде ұсталғандарды қорқытпадым деп отыр.
Күдікті полицейді ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері биыл наурыз айында ұстаған болатын.
Естеріңізде болса, Азамат Айымбетов осыдан екі жыл бұрын экс басшысы полковник Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен арыз жазған болатын. Яғни, оны бопсалады деп айыптап, танымал болған еді.