Мұндай заң 15 маусымнан бастап күшіне енбек. Нақтырақ айтар болсақ, күйеуі әйелін ұрып-соғып, кешірімін алған соң, тып-тыныш жүре алмайды. Яғни, заң алдында жауап беруге тура келеді.
-Әйеліне қол жұмсағандар 295 мың теңге айыппұл арқалайды. Немесе 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.
-Сондай-ақ, әйелінің денсаулығына жеңіл немесе ауыр жарақат салғандар 3-8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Айта кету керек, іс қозғау үшін жәбір көрген әйелдің арызы қажет емес. Көрші-қолаң, тума-туыс айтса немесе куәгер болса жеткілікті. Ал, фото-видео болса жауапкершілікке тарту оңай болмақ.
Агрессорлар тергеу изоляторына немесе түрмеге қамалады және қаулы бойынша үйінен кетуі тиіс. Бұрынғыдай ұрып-соғып алып, кешірім сұрап, қайтадан шай ішіп отыра алмайды дейді Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өз парақшасында.