“Жоғарғы сотта оң шешім шығаруға ықпал етемін” деген адвокатқа 150 мың доллар берген қай әкім? 

213

Алматының экс-әкімі Шалбай Құлмаханов, сотта оң шешім алу үшін адвокатқа 150 мың доллар берген. Бұл туралы stankz хабарлады. Алайда, экс әкім, алданып қалған. Ол осы әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Нақытрақ айтар болсақ, Мүсілім Малдыбаев Алматы заң кеңесшілері палатасының заңгері болған. 2021 жылы Құлмахановтар отбасына тиесілі “Мекен Сервис” ЖШС-мен заң қызметін көрсету туралы шарт жасасқан. Ол сотта Құлмановтың мүддесін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркімен, сондай-ақ “Эйр Астана” әуе компаниясының шағымдарына қарсы қорғауы керек еді. Экс-әкім мен адвокат екі сотта да жеңіліс тапты.

Мүсілім Малдыбаев Шалбай Құлмахановқа ақша берсе, жоғарғы сотта соттың шешіміне таныс арқылы шағымдануға болатынын айтқан. Құлманов бұл ұсынысты қабылдаған.

“Малдыбаев Құлмахановты алдап, жоғарғы сотта таныстары барын, оң шешім шығаруға әсер етуге болатынын айтқан. Осылайша ол Құлмахановтан 150 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы сұраған. Малдыбаевтың қылмыстық ниетінен күдіктенбеген ол алданып, жоғарыда аталған соманы Малдыбаевқа беруге келіскен”, – делінген іс материалдарында.

Сондай-ақ, Құлмахановтың Малдыбаевқа 67 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.

Алдыңғы пост
Жемқорлыққа жол бергендер кім? 
Келесі пост
Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған әке жазадан құтылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu