291
Оқиға, Алматы қаласындағы Төлеби және Исаев көшелерінің қиылысында орын алған. Оқыс жағдайдың көрінісі, жолдағы көліктердің бірінің бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
Фото:видеодан алынды
Аталмыш фактіге байланысты полиция департаменті мәлімдеме жасады. Нақтырақ айтар болсақ, 24 жастағы мопед жүргізушісі 60 жастағы қартты қағып кеткен.
“Мопед жүргізушісі 2000 жылы туған азамат У. жаяу жүргіншіні, 1964 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді”, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.