Әзілкеш ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол, ұшақ бортында ішімдік тұтынып, әдепсіздікке жол берген. Яғни, стюардессалардың жұмысына көңілі толмаған.
Айыпталушының ісі, Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Қабатов, сотта өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Ал, стюардесса ұшақ бортында оның мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған.
Ол осы әрекеті үшін, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды – 5 тәулікке қамауға алынды.