Шымкентте жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап кеткен

165

Шымкентте жыл басынан бері  тұрғын үйлердің терезесінен құлау фактілері бойынша 5 жағдай тіркелген. Барлық жағдайлар ата-аналардың немесе үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруына және пәтерлердің терезелері ашық болуына байланысты орын алып отыр.

Ал биыл еліміз бойынша 102 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде 7 бала қайтыс болған.

«Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабарлама түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелді», – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:

-Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

-Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

-Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

-Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

-Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіздің жоқтығыңызда қайталауы мүмкін.

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Алдыңғы пост
Президент Геннадий Головкинді қабылдады
Келесі пост
Шымкентте кене шаққан адам қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu