177
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан “Тәжен” кеден бекетінде 1991 жылы туылған Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.
Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
Айта кетейік, өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.