196
Жамбыл облысында толассыз жауған жауынның салдарынан, таулы жерде су тасыған. Салдарынан, “Береке” шаруа қожалығы аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқы суға ағып кеткен.
Сонымен қатар, “Соғанды-Бетқайнар” автожолындағы көпір қираған. Бұдан бөлек, Беріктас ауылында қатты жел соғып, бір азаматың үстіне сарайдың қабырғасы құлаған.
Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар елді мекендерде уақытша электр қуаты үзілген. Авариялық қызметтер барлық шақыруға жедел шығып, электр желілерін қосу шараларын атқарды.
Естеріңізде болса, 7 шілдеде Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында қатты нөсерден кейін көлбеу ағын қалыптасып, тау бөктерінде орналасқан 200-ден астам үйдің ауласы мен 21 үйдің ішін су алған болатын.