Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов пара алғаны үшін түрмеге тоғытылды. Нақтырақ айтар болсақ, ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Алдын алу шаралары аясында тыңдаулар сотталған ұжымның қатысуымен өтті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттерімен айналысқан. Олар жүйелі түрде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Нәтижесінде мемлекетке 4,3 млрд теңге көлемінде залал келтірген.