Вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкен анықталды

186

Заңсыз дүкен Астана қаласында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан.

Тексеру барысында интернет-дүкеннің 28 жастағы иесі анықталған. Сонымен бірге 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде – сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар.

Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм арналары арқылы сатылған.

Қазіргі таңда, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады. Болмаса, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Алдыңғы пост
Білім бөлімінің басшысы 11 жылға сотталды
Келесі пост
Күтушінің күйеуі бүлдіршінді азаптап өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu