293
Маңғыстау облысында мектеп директоры айыппұлдарын ұстаздарға төлетіп жүрген.
Мұнайлы ауданының прокурорлары, директорға қатысты бірнеше заңбұзушылықты анықтаған. Яғни, “№3 арнайы мектеп” КММ тексеру нәтижесінде басшы, ай сайын “Kaspi bank” және “Halyk bank” мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.
Бұдан бөлек, сыйлықақы тағайындау арқылы да заңсыз ақша аударымдар жасаған. Қазіргі таңда, мектеп директорына қатысты іс қозғалды.