232
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінде 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында кассирлер мемлекет қазынасына қол сұққан. Яғни, көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынған. Салдарынан, мемлекетке 84 млн теңге шығын келген.
Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.