Шымкентте «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымы анықталды

261

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады.

Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Рамазан» айында «ауызашар» өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды.

Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

Алдыңғы пост
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Келесі пост
Шымкенттегі саз колледжінің алғашқы түлегі I дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu