Интернет-алаяқтығын жасаған күдікті ұсталды

121

Мемлекеттік шекарадан өту кезінде интернет-алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының “Р” есімді азаматын ұстады.

Жоғарыда аталған азамат а.ж. сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, “Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері” және “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.

Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.

Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алды
Келесі пост
16 жастағы қыздың мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu