227
Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырымды құрайтын жолға шықпақ. 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орташа есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр.
«Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын», – деді Қотырашов сапарға аттанар алдында.
Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов марафоншы, танымал саяхатшы.