Еліміздегі ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды 

131

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырған. Нәтижесінде, ұлттық қордың қазынасын 13 млрд теңгеге толтырды.

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл (13 684 868 730)бюджетке өндірілді.

Алдыңғы пост
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды
Келесі пост
Ғұсман Қырғызбаевқа Алматы қаласы дзюдо федерациясы су жаңа көлік сыйлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu