Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Алматы қаласы дзюдо федерациясы Toyota автокөлігін сыйлаған.
Бұл көліктің нарықтағы бағасы 40 миллион теңгеге дейін барады. Али Хамхоевтың айтуынша, қола жүлде-алтынмен тең. Сондықтан, спортшының еңбегін жоғары бағалаймыз деді.
«Ғұсман әкелген қола – Алматы үшін алтынмен тең болып тұр, өйткені бұл тарихымыздың жаңа беті. Ол өзі спортшы ретінде ғана емес, адам ретінде де жақсы жігіт, сондықтан лайықты еңбегін бағалап, өмірін жеңілдету мақсатында осы көлікті сыйлап отырмыз» деді Алматы қалалық дзюдо федерациясының басшысы Али Хамхоев.
Естеріңізге сала кетейік, 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды.
Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимаға жол беріп алған еді.