Жасөспірімдерді заңсыз жауапкершілікке тарту фактілері анықталды

157

Тараз қаласы мен Жуалы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады. Яғни, уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, жол ережесін сақтамаған 16-17 жас аралығындағы 124 кәмелетке толмағандарға айыппұл салған. Бұл процесс жасөспірімдердің ресми қорғаушыларынсыз жүзеге асырылған.

Прокурорлардың наразылығы бойынша соттармен ішкі істер органдарының жоғарыда аталған қаулыларының күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта өндірілген айыппұлдарды қайтару мәселесі қарастырылуда.

Алдыңғы пост
Полицейлерге “отжимание” жасауға мәжбүрлеген кім? 
Келесі пост
Сот төрелігінен жасырынған 53 қашқын ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu