236
Пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қазанынан бастап қазақстандық пойыздардың билеттерінің бағасын 20 пайызға көтереді деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты жауапты билік мәлімдеме жасады.
“Елімізде 140 жолаушылар бағыты жүреді, олардың 62-сіне тарифтің өсуі әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Сондай-ақ, соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) жүзеге асырылмағанын ескеру маңызды”, – деп хабарлады ведомствода.