Бүгін – «Абай күні»

223

10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.

Абайдың есімі ел жүрегінде мәңгі жазылған. Ақынның дүниетанымы, озат ойлары, салмақты сөздері, өзектілігін жоймайтын пәлсапасы қай жерде болмасын қажет. «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалаған Хакім Абай болашақ ұрпаққа үлгі.

Абай 170-ке жуық өлең, поэма мен “қара сөздерін” жазып, 56 аударма жасады. Оның аудармаларының арқасында әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 тамызды “Абай күні” деп белгіледі.

Алдыңғы пост
Шымкентте “Автонұр” базары өртенді
Келесі пост
Әбиба Әбужақыноваға Kia автокөлігі сыйға берілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu