Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді деп хабарлады ҚР ҰҚК.
Күдіктілерге қылмыстық кодекстің 206-бабы 3-бөлігі және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деп айып тағылды. Яғни, алаяқтықпен дер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткені үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару алмайды.
Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды.
Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құрады.