Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуе компаниясының үстінен арыз жазды

200

Журналист Лейла Сұлтанқызының үстіне ұшақта ауыр жүк құлаған. Салдарынан, қабағы жарылған. Оның айтуынша, аталмыш мекеме қауіпсіздік ережелеріне мұқият болмаған.

Сурет: Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан

“Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!”,-деп жазды әлеуметтік парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де, жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін жауапқа тартылған. Яғни, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша FlyArystan әуекомпаниясының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 692 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған болатын.

Бұдан бөлек, «FlyArystan» әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін де, жауапқа тартылған еді.

Алдыңғы пост
ТЖМ 25 миллиард теңгеге 11 ұшақ сатып алмақ
Келесі пост
Мемлекет басшысы Qarmet металлургиялық комбинатына барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu