18 жастағы Бехруз Равшанбеков Түркістан облысы Төлеби ауданы, Тағайна ауылының тұрғыны. Азамат, әскери қызметкерлердің қолына Шымкент қаласына әжесімен кездесуге келген кезде түскен. Оны, “әскерге шақырылушы” ретінде әскери комиссариатқа алып кеткен.
Оның айтуынша, әскерилер көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне жеткізген. Сол мезетте, азамат ғимараттың терезесінен секіріп кеткен.
Сондай-ақ, әскери қызметкерлер жол бойында оны әскерге шақырудан босату үшін ақша сұрай бастаған. Әуелі 500 мың теңге, кейін 800 мың теңге сұраған.
Әскери тергеу бөлімі әскери комиссариат қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша істі тексеріп жатыр.
Ал қалалық қорғаныс департаменті өзінің іскерлік беделін қорғау үшін зардап шеккен жігіттің әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.